Биыл Қызылорда-Жезқазған автожолының 140 шақырымы аяқталады

7 Маусым 2023, 14:43 973

Биыл Қызылорда-Жезқазған автожолының 140 шақырымы аяқталады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, Қызылорда облысында жергілікті маңызы бар 366 шақырым автомобиль жолдарының жақсы жағдайдағы үлесі биыл 87%-ға жеткізілмек. Осы мақсатта биыл 38,1 млрд теңге қаржы қаралды. 

Аймақ үшін өзекті жобалардың бірі – Президенттің тікелей бақылауындағы Қызылорда-Жезқазған»автожолының құрылысы. Жолдың өңірдегі ұзындығы 216 шақырым, биыл оның 140 шақырымға жуығы аяқталады деп күтілуде, - деді өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ алаңында.

Равиль Ашығали
Бөлісу: