Биыл Қорғалжын қорығының су қоймалары 100%-ға толды

6 Тамыз, 23:31 490

Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы биыл Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының көлдеріне 30 млн текше метрге жуық су жіберді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында филиал директоры Дүйсенбек Сыздықов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл филиалдың су қоймалары 100%-ға толды. Бүгінгі таңда тұтынушылармен су беру жөнінде 41 келісімшарт жасалды. Егіс алқаптарын суаруға 2,6 млн текше метр, шаруашылық-ауыз су қажеттілігі үшін 82,5 млн текше метр су берілді.

«Бүгінде Шағалалы су қоймасы мен Кеңбидайк су торабы жөндеуден өтті. Сілеті су қоймасының қақпаларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Астана су қоймасының түбін тазарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Астана су қоймасын реконструкциялау үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды. Филиалдың барлық су шаруашылығы нысандары штаттық кестеге сай жұмыс істейді, су тапшылығы байқалмайды», – деді Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Дүйсенбек Сыздықов.

Зарина Арман
Бөлісу: