Биыл Қазақтанда қандай жаңа зауыттар мен фабрикалар ашылды?

Кеше, 11:53 342

Биыл Қазақстан өнеркәсіптік қуаттардың белсенді дамуын көрсетіп отыр. Республикада жалпы инвестициялары шамамен 283,1 миллиард теңгені құрайтын 56 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын ашылып, 3,8 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылған.

Мәселен мамыр айында Ақмола облысының Қосшы қаласында "IL-TOV" ЖШС дайын жартылай фабрикаттар шығаратын жоғары технологиялық зауытты ашылды. Бұл зауыт Қазақстан мен Орталық Азия өңірінде ашылған алғашқы кәсіпорын. Зауыт "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ қолдауымен жүзеге асырылған. Бұл негізінен Қосша тұрғындары үшін 90 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді, ал өндірістік қуаттылығы жылына 3 346 тонна өнімді құрайды. Болашақта қуаттылықты 10-12 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Қостанайдың индустриалды аймағында "KamLitKZ" ЖШС шойын құю зауыты ашылды. Жобаға 78 млрд теңге инвестиция тартылған. Зауыт жылына 45 мың тонна шойын балқытады. Болашақта 1100 жұмыс орнына дейін ұлғайту перспективасымен 500 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз еткен. Зауыттың жұмысы толық автоматтандырылған. Ауыр жүк көліктерінің қозғалтқыштарын құюға қажетті қалыптарды көтеру және оның ішіне шойын құю жұмыстарының барлығына роботтар жауапты. Дайын болған өнім ТМД және Еуропа мемлекеттеріне экспортталады.

Талдықорған қаласында толық циклді өнеркәсіптік батареялар шығаратын еліміздегі алғашқы кәсіпорын ашылды. Озық заманауи технологиялардың көмегімен өндірілетін батареялар мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібінде, телекоммуникацияда, темір жолдарда, энергетикада кеңінен қолданылады. Сол сияқты жасыл энергетикада, атап айтқанда, күн, жел электр станцияларынан алынатын электр энергиясын сақтауда үздіксіз қуат көзі ретінде пайдаланылады. Өнімнің 40% отандық нарыққа, 60 % экспортқа бағытталған.

Ауыз су мәселесін шешу бағытында 10 жоба

Маңғыстау облысында да ауыз су мәселесін шешу бағытында 10 жоба іске асырылды. Бұл өңірде ауыз сумен қамту әлі де өзекті. Мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін 2025 жылға дейін жалпы су тұщыту қуаты қуаты 140,5 мың текше метрді құрайтын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде:Қаражанбас кен орнында тәулігіне 17 мың текше метр су тұщыту зауыты іске қосылды. Нәтижесінде «Астрахан - Маңғыстау» су құбырынан босаған 15 мың текше метр ауыз су Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Жетібай ауылдары тұрғындарының игілігіне пайдаланылуда. «Каспий» су тұщыту зауытының қуатын 40 мың текше метрге дейін жеткізудің 2-ші кезеңі бойынша жұмыстар жалғасуда. Биыл жыл аяғына дейін бұл жұмыстарды толықтай аяқтау көзделіп отыр.

Ақтау қаласында жеке инвестор есебінен қуаттылығы тәулігіне 7 000 текше метр су тұщыту зауытын салу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда зауыт тәулігіне 5 мың текше метр ауыз су беріп отыр.

Сайын Шапағатов ауылында жеке инвестор тарапынан қуаттылығы тәулінгіне 6500 текше метр су тұщыту қондырғысы орнатылды. Бүгінгі күні қондырғы 4000 мшекше метр ауыз су өндіріп, Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылдарын ауыз сумен қастамасыз етіп отыр. Қондырғының қуаты алдағы уақытта арттырылатын болады.

Биыл Форт-Шевченко қаласында тәулігіне 5 мың текше метр, «МАЭК» аумағында 24 мың текше метр және Кендірлі аймағында 50 мың текше метр су тұщыту қондырғыларын салу жұмыстары басталды. Зауыт құрылысы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда және аталған жобаларды 2025 жылға дейін аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын боламыз,- деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Су ресурстарының баламалы көздерінің бірі – Ақтау қаласынан 43 шақырымда орналасқан «Құйылыс» кен орны. Бүгінде құбыр толығымен ескірген. Сондықтан осы кен орнының суын игеру үшін «Каспий» су тұщыту зауытына дейін су құбыры жаңартылуда. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының жіті бақылауында тұр.

Атырауда жүк вагонын шығаратын зауыт ашылды

Атырау қаласында жүк тасымалдайтын ашық және жабық вагондар, цистерналар, хоппер вагондары және контейнерлер тасымалдайтын платформаларды шығаратын зауыт жұмысын бастады.

Салтанатты шараға ҚР Өнеркәсіп және Құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев, Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев және «ТексолТранс» ЖШС компаниялар тобының басшысы Шота Абхазава қатысты.

«ТексолТранс» зауыты толық қуаттылығына көшкеннен кейін жылына 6 мың жүк вагонын шығарады деп жоспарлануда. Нәтижесінде 2700 жұмыс орны ашылады.

Қазақстанда алғаш рет вольфрам өндірісі іске қосылды

2024 жылдың 1 қарашасында Алматы облысында вольфрамды қайта өңдеу бойынша Қазақстандағы алғашқы зауыты ашылды. Бұл отандық тау-кен өндірісі үшін тарихи оқиға, ол еліміздің әлемдік сирек металдар нарығындағы позициясын нығайтады.

Жобаның құны 300 млн долларды құрайды және халықаралық экологиялық және өндірістік стандарттарды ескере отырып жүзеге асырылды. Зауыт жергілікті мамандар үшін 1000-ға дейін жұмыс орнын қамтамасыз етеді және жобалық қуатына шыққанда жылына 3,3 млн тонна руды қайта өңдеп, вольфрам концентратының 65% үлесін шығарады.

Ашылу сәтінде негізгі объектілердің дайындығы:

Алдағы жоспарлар вольфрам мөлшерін 88,5%-ға дейін жеткізу және жоғары тазалықтағы вольфрам карбидін шығару үшін терең қайта өңдеу кешенін салуды қамтиды. Бұл кезеңге арналған инвестиция көлемі 150 млн доллар болады.

Абай облысында алтын өндіру зауыты ашылды

Абай облысының Көкпекті ауданында алтын-күміс қорытпасын шығаратын жаңа кәсіпорын 2024 жылдың қарашасында өндірістік пайдалануға берілді. 

Жобаны «Altyn Samruk Qazaqstan» АҚ еншілес кәсіпорны, 2024 жылғы 15 қарашадағы №150-МЛ қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензияның иегері «Eastern Gold» ЖШС жүзеге асыруда.

Зауыт қуаттылығы: жылына 200 000 тонна алтын рудасын өңдеу және 200 кг-ға дейін ДоРе қорытпасын өндіру.

Кен жақын маңдағы «Родниковое» және «Белая Горка»кен орындарын өндіретін карьерлерден алынады. Бүгінгі таңда расталған ең аз қорлар көлемі зауыттың кем дегенде 8-10 жыл жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жеткілікті.

Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 103% құрады

Биылғы жылдың қаңтар-тамыз аралығында 31 816,3 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 14 603,8 млрд теңгеге (жалпы көлемнен 45,9%), өңдеу саласында – 14 957,4 млрд теңгеге (47%).

Өңірлер арасында едәуір өсім Ұлытау, Қарағанды, Түркістан, Ақтөбе облыстарында және Астана қаласында байқалды.

Табиғи газ шығару (104,6%) және металл кендерін (107,5%) өндіру салаларының артуына байланысты 2024 жылғы қаңтар-тамызда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 101% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіп өндірісінің индексі 104,9% құрады. Өсім  химия өнеркәсібі өндірісінде – 8,6%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар – 15,6%, металлургия – 8,7%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 30,1%, машина жасауда – 4,3%, өзге де дайын бұйымдарда 1,6 есе белгіленді.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда электр энергиясын өндіру, беру және тарату көлемдерінің – 6,5%, құбыр бойынша газды тәрізді отын өндіру және таратудың 5,9% артуы есебінен индекс 105,9% құрады.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде тіркелді, төмендеу – Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: