Биыл Қазақстанның су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 млрд текше метрге артық.
Былтыр еліміздің ауыл шаруашылығы саласына 14 млрд текше метр су жұмсалды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша республиканың жалпы қажеттілігіне жұмсалған су көлемі 24,4 млрд текше метр.