23.08.2023
04:03
1365
Биыл қарағандылықтар Шахтерлер күнін тойламайды

Биыл қарағандылықтар Шахтерлер күнін тойламайды

«Қазақстан» шахтасында орын алған өрттен кейін Қарағанды облысында биыл Шахтерлер күні жылдағыдай тойланбайтын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аймақта кеншілер мерекесіне арналған іс-шаралар тоқтатылады.

«Қазақстан» шахтасындағы қайғылы оқиғаға байланысты Шахтер күніне арналған барлық салтанатты іс-шаралар тоқтатылады, - деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.

Еске, сала кетейік 17 тамыз күні «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы жанып, 5 кенші көз жұмды. Қазіргі уақытта өртті сөндіру мүмкін болмағандықтан шахта оқшауланды.