Биыл Қарағандыда 50 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады

28 Сәуір 2023, 10:00 792

Биыл Қарағанды облысында 50 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы бойынша ірі кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындары құрылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова ведомствоның Instagram парақшасында тікелей эфирде баяндады.

«Биылғы жылы Өңірлік жұмыспен қамту картасы бекітілді. 54 мың адамды жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде ұлттық жобаларды іске асырудың арқасында – 5 мың, бос орындарға – 22 мың, жеке бастамалар шеңберінде – 17 мың. Сәуір айындағы жұмыспен қамту шаралары арқасында 8 мың жұмыспен қамтылды», – деді Әсем Жүніспекова.

Қарағанды облысының ірі кәсіпорындарында, соның ішінде Saran индустриялық аймағында, Нұра және Бұқар Жырау аудандарында және Теміртауда жаңа жұмыс орындары ашылады. Ал, мыңнан астам тұрғынның Skills Enbek платформасы арқылы маман атануына мүмкіндіктері бар .

Равиль Ашығали
Бөлісу: