Биыл көпбалалы отбасылар 304 млрд теңге жәрдемақы төленді

18 Қазан 2023, 11:06 808

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 539,6 мың отбасы жалпы сомасы 304 млрд теңге мөлшерінде қамтылды. Оның ішінде қыркүйек айында 497,5 мың отбасына 31 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы:

Еске сала кетсек, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5% артқан.

Равиль Ашығали
Бөлісу: