Apple компаниясының қыркүйек айындағы дәстүрлі таныстырылымы биыл ерекше қызықты болайын деп тұр. Себебі компания алғашқы жиналмалы iPhone Fold моделін ғана емес, сонымен қатар жаңа флагмандық iPhone 18 Pro сериясын да көпшілікке ұсынбақ, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, жаңа құрылғылар шілде айында жаппай өндіріс кезеңіне өтеді деп күтілуде. Қазірдің өзінде Apple iPhone 18 Pro және стандартты iPhone 18 үлгілерінің бастапқы өндірісін бастаған. Бұл ақпаратты қытайлық инсайдер Fixed Focus Digital Weibo платформасында жариялаған. Толыққанды жаппай шығарылымға әлі уақыт бар, бірақ құрылғылардың соңғы дизайны бекітіліп қойған.
Оқи отырыңыз:
Сыртқы келбетіне келсек, iPhone 18 Pro моделі алдыңғы буындағы iPhone 17 Pro нұсқасына ұқсас болады. Көзге түсетін басты айырмашылықтар – Dynamic Island аймағының кішіреюі және жаңа түстердің қосылуы. Атап айтқанда, Pro желісінде бұрын болмаған қызыл түс пайда болуы мүмкін. Стандартты iPhone 18-дің сырт келбеті қазіргі iPhone 17 моделінен айтарлықтай ерекшеленбейді.
Ал Bloomberg журналисі Марк Гурман биыл iPhone 18 Pro Max және Pro нұсқалары қанық қызыл реңкте ұсынылуы мүмкін екенін хабарлады. Дереккөздің айтуынша, компания «қанық қызыл» (deep red) түсті сынақтан өткізіп жатыр. Егер бұл ақпарат расталса, Pro және Pro Max модельдері алғаш рет қызыл түсте жарық көреді. Бұған дейін қызыл түсті iPhone тек iPhone 14 және iPhone 14 Plus (PRODUCT) RED қосалқы сериясында ғана болған. Дегенмен жаңа реңк ашық қызылдан гөрі қошқыл, қою қызыл түске жақын болуы ықтимал.
Бұған дейін желіде күлгін және қоңыр түстер жайлы да қауесет тараған. Алайда Марк Гурманның пікірінше, бұл реңктер қызыл түстің түрлі вариациялары ғана болуы мүмкін.
Ал жиналмалы iPhone моделіне қатысты мәліметтерге сәйкес, Apple ашық әрі жарқын түстерден бас тартып, классикалық сұр/қара және күміс/ақ нұсқаларымен шектелуі ықтимал.
Техникалық жаңартуларға тоқталсақ, негізгі өзгерістер құрылғының ішкі бөлігінде шоғырланған. iPhone 18 Pro 2 нанометрлік техпроцеспен TSMC компаниясы өндірген A20 Pro чипімен жабдықталады. Сонымен қатар:
Ал стандартты iPhone 18 нұсқасында айтарлықтай жаңару болмайды. Тек экран жарықтығы артады, алдыңғы камера жақсарады және жаңа буындағы A20 процессоры орнатылады. Дизайн жағынан бұл модель де iPhone 17 құрылғысына ұқсас болып қалады.
Жалпы алғанда, биылғы жаңарту сыртқы өзгерістерден гөрі ішкі техникалық жетілдірулерге басымдық бермек. Екі модельдің де ресми таныстырылымы күз мезгілінде өтеді деп күтілуде.
Бұған дейін Apple ЖИ-ге негізделген көзілдірік, кулон және AirPods шығаратыны туралы жазғанбыз. Сонымен қатар арзан MacBook пен қолжетімді iPhone көпшілікке жол тартатыны туралы да тілге тиек еттік.