Биыл инсультке шалдыққан қазақстандықтар саны артқан

6 Шілде 2023, 22:10 1187

6-7 шілдеде Астанада «Қазақстан Республикасы инсульт қызметі мамандарының халықаралық қатысуымен «Инсульт мектебі 2023» ғылыми-практикалық конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Инсульт немесе ми қан айналымының жіті бұзылысы – бұл шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет ететін кезек күттірмес жағдай. Бүгінгі таңда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инсультты бүкіл әлемде індет деп жариялады.

Аталған іс-шараны ДСМ «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы бесінші рет өткізіп отыр, осы іс-шараның жылдан жылға шекарасы кеңейіп, ауқымы арта түсуде. Конференция отандық мамандар өз жұмыстарын қорытындылап, шетелдік спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісетін алаңға айналды.

Сондай-ақ жас мамандар конференцияда жаңа білім алып, тәжірибелі дәрігерлермен пікірлесе алады. 

Сонымен қатар конференцияда Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының басшысы Ержан Әділбеков Қазақстан Республикасында инсульт қызметін дамытудың жаңа тұжырымдамасын ұсынды. 

Жоғары қан қысымы, жүректің әртүрлі аурулары (атриальды фибрилляция, миокард инфарктісі, ревматизм және т. б.), қант диабеті, алдын-ала өтпелі ишемиялық шабуылдар (TIA) және алдыңғы инсульттар, сондай-ақ гиперхолестеринемия, алкогольді мөлшерден тыс пайдалану, темекі шегу, артық салмақ, дұрыс тамақтанбау, стресс және төмен дене белсенділігі адамда инсульт болу мүмкіндігін арттырады, - деп мәлімдеді Ержан Әділбеков.

Ол әлемдік статистикаға сәйкес, әлемде жыл сайын 33 миллионнан астам адам инсультпен ауыратындығын, оның 5 миллионы осы аурудан қайтыс болатындығын атап өтті. Өкінішке қарай, Қазақстанда жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсульт алып, ауру-сырқаулық, өлім-жітім және жоғары мүгедектік құрылымында жетекші орын алады. Мысалы, 2023 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша 2022 жылмен салыстырғанда ишемиялық инсульт саны 1302 жағдайға артты.

Берік Арманов
Бөлісу: