Биыл елімізде ішкі туристер саны 6 миллионға жетті

Кеше, 09:06 335

Биыл ішкі туристер саны 562 мыңға артып, 6 миллионға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтің мәліметінше, бір жылда елімізге шетелден 11,5 млн турист келген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 2 есе көп. Осылайша туризм саласы бойынша елімізге 1 жылда 224 млрд теңге кіріс кірді.

Сондай-ақ биыл Қазақстанда қашықтан жұмыс істейтін туристер үшін Neo Nomad визасы енгізілді. Жоба шетелдіктерге Қазақстанның мәдениеті мен тұрмысын жақынырақ тануға мүмкіндік береді. Визаны жылына 500 адам алып, экономикаға шамамен 3,6 млрд теңге түседідеген болжам бар.

Бұдан бөлек, биылғы жылды Қытайдағы «Қазақстандық туризм жылы» деп жариялау да саланы дамытуға ықпал етті. Қытайдың ірі қалаларында 30-дан астам іс-шара ұйымдастырылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: