Биыл елімізде 15,3 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынады

1 Қаңтар 2023, 16:15 1327

2023 жылы 11,8 мың км автожолдарда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүреді

2023 жылы республика бойынша 15,3 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салу көзделген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірлерде 1 500 апатты және тозығы жеткен үйді бұзу бойынша жергілікті жөндеу бағдарламалары қабылданады. Бұдан басқа, халықты сумен жабдықтау қызметтерімен қамтуды 97%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда сарқынды суларды тазарту деңгейі 80%-ға дейін, ал жылу мен суды есепке алудың үйге ортақ құралдарымен қамтамасыз ету деңгейі 83%-ға дейін ұлғайтылуы тиіс.

2023 жылы 11,8 мың км автожолдарда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүреді, оның ішінде 4 мың км – құрылыс және реконструкциялау, 3,2 мың км – күрделі және орташа жөндеу, 4,5 мың км –  жергілікті жолдарды жөндеу көзделген.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң Наурыз айында жеке тұлғаны банкрот деп тану мүмкіндігі қарастырылған жаңа заң күшіне енеді. Онда азаматтардың борыштық жүктемесін төмендету, борыштар бойынша төлемдерді ынталандыру (банкроттықтан кейінгі бірқатар шектеулер), борышкерлерді өнімді экономикалық қызметке қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі нормалар белгіленген.

Сондай-ақ Заң шеңберінде әлеуметтік осал топтарға көрсетілетін мемлекеттік көмек көзделген, бітімгершілік келісім жасасу мүмкіндігі және қиын қаржылық жағдайға тап болған азаматтарға өз мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін бірқатар басқа шаралар қабылданады.

Бұл шолуда 2023 жылы қолданысқа енген және күшіне енетін бірқатар негізгі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер ұсынылған. Қазақстандықтардың көпшілігі олардың оң әсерін нақты сезінетін болады. Алайда, қоғамдық өмірдің басым бағыттарын жоспарлы жаңғырту және цифрландыру процесі мұнымен тоқтап қалмайды. Үкімет қабылданған бағдарламалар мен жаңа даму жоспарларын іске асыруды, сондай-ақ азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі бастамаларды әзірлеуді жалғастырады.

EL.KZ
Бөлісу: