Британиялық танымал FourFourTwo журналы 2025/26 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасын жеңіп алу ықтималдылығы жоғары клубтардың рейтингін жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тізімнің көшін қазіргі чемпион ПСЖ бастап тұр. Өткен маусымда жартылай финалға дейін жеткен «Барселона» екінші орынға жайғасса, 1/8 финалда жарысты аяқтаған «Ливерпуль» үздік үштікті түйіндеді.
2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасының басты фавориттері (топ-10):
Айта кетейік, биылғы додаға Алматының «Қайрат» клубы тұңғыш рет қатысқалы отыр. Алматылықтар аттары аталған үш фаворитпен кездеседі. «Реал Мадрид» қонаққа келсе, «Арсенал» және «Интермен» сырт алаңда ойнаймыз. Бұған дейін Мадрид клубы жазғы трансферде 167,5 млн еуроға ойыншылар сатып алғаны туралы жазғанбыз.