Биыл қазақстандық 5 студент Гейдар Алиев атындағы халықаралық шәкіртақы мен сертификатқа ие болды

14 Желтоқсан 2018, 07:43 1641

Қазақстан және Әзірбайжанның білім мен ғылым саласындағы байланыстарын нығайтып, достық қарым-қатынасты дамыту мақсатында жыл сайын атыраулық 5 студентке көршілес елдің Тұңғыш Президенті Гейдар Алиевтің атындағы халықаралық шәкіртақы мен сертификаты табысталады.

Игі дәстүрге айналған іс-шара биыл да жалғасын тауып, стипендия Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бес студентіне бұйырды.

Әзірбайжан Республикасының негізін қалаушы Гейдар Алиев 2003 жылдың 12 желтоқсанында дүниеден озды. Әзірбайжан халқының ғана емес, жалпы түркі әлемінің бетке ұстар азаматы тірі болғанда биыл 95 жылдығын атап өтер еді.

Нар тұлғаны еске алып, «Новруз» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетте арнайы іс-шара өтті. Оған қатысқан Ассамблея және этномәдени бірлестіктердің мүшелеріне, студенттер мен БАҚ өкілдеріне, Әзірбайжан елінен арнайы келген қонақтарға Алиевтің өмір жолынан, мемлекет игілігі үшін жасаған игі істерінен естеліктер айтылып, бейнефильм көрсетілді.

Бөлісу: