Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалаға жеткізілетін автобустар туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалаға тағы 100 автобус жеткізілді. Олар техникалық дайындықтан кейін бірнеше күннен соң желіге шығады. Бұл автобустар желідегі автобустардың санын арттырады, осылайша күту аралығын қысқартады. Жаңа маршруттар іске қосылып, ескі автобустарды кезең-кезеңімен алмастырады және тағы басқа. Осыған дейін биыл қалаға 100-ге жуық автобус жеткізілді. Биыл барлығы 320 автобус жеткізуді жоспарлап отырмыз, оның ішінде жеке автопарктер қаражаты есебінен де қарастырылады. Былтыр, мәселен қоғамдық көлік паркі 400 автобусқа ұлғайды, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.