Биыл Астана қаласы 300 жаңа автобуспен қамтылады

27 Ақпан, 16:15 639

Биыл елорда қосымша 300 жаңа қоғамдық көлікпен қамтылады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорда маңында қызмет көрсететін маршруттық желі мен қоғамдық көлік саны артатынын айтты.

Жыл сайын елорда халқы 50-60 мың адамға көбейеді. Сонымен қатар, күн сайын қалаға облыстың 200 мыңға жуық тұрғыны және 30 мыңнан астам автомобиль кіреді. Көші-қон ағындарын реттеу үшін және жол желісіне жүктемені азайту үшін, бас жоспарда елордаға барлық радиалды кіреберістерде көлік-реттеу пуктарын орналастыру көзделген, - деді қала әкімі.

Қазіргі уақытта елорданың қала маңындағы аймақтарына 26 маршрут қызмет көрсетеді.

Өткен жылы қалада қосымша 400 автобус жұмыс істей бастады, автопарк биыл тағы 300 автобусқа толықтырылады. Бұл бізге қала маңындағы маршруттардың санын көбейтіп, елді мекендер ішіндегі маршруттарды ұзартуға және агломерация тұрғындарының жүріс-тұрысын тездетуге етуге мүмкіндік береді, - деді Жеңіс Қасымбек.

Миражан Махан
Бөлісу: