29.06.2023
12:00
1662
Биыл Астана күніне орай отшашу болмайды

Биыл Астана күніне орай отшашу болмайды

Биыл қала күніне орай отшашу болмайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімінің баспасөз қызметінінің мәліметінше,от шашудан бөлек, қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Оның 90-ға жуығы - елорданың бүкіл тұрғындары мен қонақтары үшін тегін.

Сонымен қатар, мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы, соның ішінде оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер ашылып, үлескерлерге пәтер кілттері табысталады.