Биыл Алматы облысында 450 мың гектардан астам жерге егін егіледі

16 Ақпан 2023, 23:21 1704

Егін алқабында дәнді дақылдар, бұршақ пен жемшөп болады

Биыл Алматы облысында шамамен 454,9 мың гектар жерге егін егу жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Көбінесе бұл дәнді дақылдар, бұршақ дақылдары және жемшөп дақылдары болады. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесуінде алдағы егіс жұмыстары, АӨК-нің дамуы туралы айтылды.

Ербол Қарашөкеев «Кен-дала» бағдарламасы бойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға былтырғы жылдағыдай 140 млрд теңге қарастырылғанын,  сондай-ақ 3200-ден астам тауар өндірушілерді қамтуды және 2 млн гектарға егіс пен егін жинауды қамтамасыз етуді көздеп отырғанын атап өтті.  Сонымен қатар Азық-түлік корпорациясы арқылы форвардтық сатып алу бағдарламасы жалғасады. Еліміздің фермерлері нарықтық бағадан 15% төмен бағамен төмен, жалпы көлемі 413 мың тонна  жеңілдетілген дизель отынын ала алады.

Айта кетейік, өткен жылы Алматы облысында 608,6 мың тонна дәнді дақыл мен 64,9 мың тонна майлы дақыл жиналды. Аймақ дәстүрлі түрде картоп пен көкөніс-бақша дақылдарының негізгі өндірушілерінің бірі болып табылады. Былтырғы егін жинау науқаны 502,2 мың тонна картоп, 800,1 мың тонна көкөніс дақылдары, 61,6 мың тонна бақша дақылдарын жинаумен аяқталды. 

Мемлекеттік қолдау туралы айта келе, Ербол Қарашөкеев ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаны масштабтау шеңберінде биыл Алматы облысы ауыл тұрғындары үшін 600-ге жуық жеңілдікті шағын несие беру жоспарымен 2,3 млрд теңге алатынын атап өтті.

Жер қатынастарын реттеу бойынша қыруар жұмыс істелді. Жер инспекциясының жұмысын күшейту есебінен 5,2 млн га ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылды, оның ішінде Алматы облысында 113,6 мың га бар. Бұл жерлер ауылдық елді мекендердегі мал жаю қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қайта бөлінеді, - деді министр.

Сондай-ақ СҚО-ның әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы АӨК-те инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша тәжірибесі қатар таратылатын болады. Алматы облысы бойынша пулға құны 36,8 млрд теңге болатын 13 жоба енгізілді. Бұл сүт фермалары, құс фабрикасы және суару жобалары. АШМ басшысы АӨК субсидиялау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс туралы еске салды, оның шеңберінде тиімділігі төмен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялардың 10-ға жуық шағын түрі жойылады. Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары өзгеріссіз қалады. Қазір субсидиялаудың жаңа қағидаларының жобасы мемлекеттік органдарда келісілуден өтіп жатыр және жақын арада бекітілетін болады.

EL.KZ
Бөлісу: