Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар гранттар енгізілді

29 Шілде, 12:01 427

104 мыңнан астам талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы оқу жылында бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Гранттардың басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға бөлінген. Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді.

«Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген. Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант бөлінген.

Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар.

Ең көп таңдалған қала – Алматы, 42 мың бала оңтүстік астанамызды студенттік шақ өткізу үшін таңдаған. Елорданың оқу орындарында оқу үшін 22 мың өтініш қабылданса, 6,5 мың адам Шымкент қаласы университеттерінде оқуға ниет білдірген.

Бірнеше жыл қатарынан талапкерлердің көбі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға өтініш беріп келеді.

Грант иегерлерінің тізімі Ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтында және @gylym_jogary_bilim телеграм-арнасында, www.testcenter.kz сайты және TESTCENTERKZ телеграм-арнасында 10 тамызға дейін жарияланады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: