Биыл 9 айда Kids go free бағдарламасы бойынша 1800 бала тегін ұшты

21 Қазан 2023, 18:03 832

Kids go free бағдарламасының арқасында  800 қазақстандық отбасы ел ішінде демалуға 80 млн теңге үнемдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Орталық коммуникациялар алаңындағы баспасөз конференциясында биылғы жылдың 9 айында аталған жоба бойынша 1800 қазақстандық балғын тегін саяхатқа ұшқанын жеткізді.

«Бір қызығы, осы бағдарлама аясында Алакөлде демалуды орта есеппен үш баласы бар отбасылар таңдайды. Олардың арасында алты, жеті жəне тіпті тоғыз баласы бар отбасылар пайдаланған», - деп хабарлады спикер.

Оның айтуынша, аталған бағдарлама бойынша туроператорлардан көптеген ұсыныстар түсіп жатыр. Соның бірі – топпен саяхатқа шыққан балаларға қатысты да бұл шараны пайдалануға мүмкіндік беру жағы қарастырылып жатыр. 

«Мысалы, егер сынып жетекшісі 20 оқушыны алып, Қазақстанның басқа аймағына барса, олардың қастарында ата-аналарының бар-жоқтығына қарамастан, тегін ұшуды пайдалануға мүмкіндік беру. Біз бұл шараны толықтай қолдаймыз. Қазір депутаттармен пысықтап жатырмыз. Қарсылық болмаса, келесі жылы бұл тетік қолжетімді болады», - деп бөлісті вице-министр.

Асқар Таудай
Бөлісу: