Биыл 4 мың қазақстандық қыжылық парызын орындайды - Бас мүфти

28 Маусым 2023, 14:22 934

Биыл 4000 қазақстандық қажылық сапарға аттанған. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Jibek Joly телеарнасының «Еркін сұхбат» жобасына сұхбат берген Наурызбай қажы 

Биыл, 4000 отандасымыз қажылы сапарға аттанды. Өзім де, Алла қаласа, қажылыққа баруға ниет қылып отырмын. 18 туристік фирма осы іспен айналысып жатыр. Осы 4000 отандасымыздың қажылыққа аман барып, аман оралуын нәсіп етсін, - деді ҚМДБ төрағасы.

Сонымен қатар, бас мүфти Құрбан айт кезінде мал бағасының қымбаттайтыны туралы өз пікірін жеткізді. 

Құрбан айт күні малды сатушы адам да алушыға қиындық жасамай, барынша қолдау білдірсе, оның берекесі болады. Сондықтан құрбандық кезінде мал саудасында жүрген адамдарға барынша сауап алып қалуға тырысыңыздар деп айтар едім. Сатушы адам да шалынған құрбандықтың сауабына серік бола алады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы жылды Ислам және ізгі қоғам жылы деп жариялады. Сондықтан бәріміз өзімізді ізгілікке тәрбиелесек дер едім. Мал сатушы адам, малды сатып алушы адам, құрбан шалушы адам, құрбандыққа етін беретін адам, тіпті етті құрбандықтан алатын адамдар да ізгілікті ұстанса жөн, - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Асқар Таудай
Бөлісу: