Биыл 200 мың қазақстандық қаржылық сауатын арттырады

30 Қаңтар, 16:31 2253

 2024 жылдың ақпанында Ақпанда Астана, Алматы, Шымкент пен облыс орталықтарында «Қарызсыз қоғам» оқу курсы басталады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Президент тапсырмасы бойынша биыл «Қарызсыз қоғам» оқу курсын Қазақстанның барлық өңірінде ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ол бойынша 200 мыңнан астам адам «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысады. Оларды оқыту үшін 150 қаржы сарапшысы дайындалмақ. 

Қатысушыларды іріктеуде несиесінің өтеу мерзімі үш айдан асып кеткен азаматтарға басымдық беріледі. 

Платформа іске қосылғаннан кейін ол 450 мың оқушы мен 100 мың студентті қаржылық сауат негіздеріне оқытуға мүмкіндік береді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: