Биыл 19 мыңнан астам адамнан қатерлі ісік анықталды

27 Тамыз 2022, 15:19 1157

Онкологиялық ауру күдігіне іліккен пациенттер үшін «жасыл дәліз» енгізілді

Биыл 6 айда 19 мыңнан астам адамнан қатерлі ісік анықталды ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Жандос Бүркітбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, онкологиялық ауру күдігіне іліккен пациенттер үшін «жасыл дәліз» енгізілді. Яғни, мұндай күдікке іліккен пациенттер кезектен тыс әрі шектеусіз дәрігердің қабылдауына кіреді.

«2022 жылдың 6 айында «жасыл дәліз» арқылы 25 мыңнан астам адам өтті. Оның ішінде 19 мыңнан астам пациентте қатерлі ісіктің жаңадан қалыптасу диагнозы анықталды», - деді Жандос Бүркітбаев.

Бөлісу: