13.09.2023
09:29
815
Биыл 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Биыл 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Биыл еліміздің бірнеше өңірінде құрылыс қарқыны артты. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Биыл 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ке жоғары. Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Ұлытау және Абай облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында байқалды, - деді вице-министр.

Әмриннің сөзіне қарағанда, биылғы құрылыс жұмыстарының көлемі 11,4%-ке ұлғайған. Әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Абай облыстарында байқалған.