21.11.2025
16:38
705
Биткоин бағасы құлдырады

Биткоин бағасы құлдырады

Сауда сессиясы кезінде биткоиннің құны 2025 жылғы 11 сәуірден бері алғаш рет 82 мың долларға дейін түсіп, 10%-дан астам арзандады. Бұл туралы Binance деректеріне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Баку уақытымен 11:33-те биткойн 8,07%-ға төмендеп, 84,617 мың доллар деңгейіне түсті. Бұл – 20 сәуір 2025 жылдан бері байқалмаған төмен көрсеткіш.

Ал 12:34-те криптовалюта құлдырауды жеделдетіп, 82 мың долларға дейін (-10,99%) түсті. Бұл да биылғы 11 сәуірден бергі ең төмен мән.

12:53-тегі сауда деректері бойынша, биткойнның құлдырауы сәл баяулап, бағасы 84,029 мың долларды (-9,02%) құрады. Сол уақытта капитализациясы жағынан екінші тұрған криптовалюта Ethereum (ETH) 10,59%-ға арзандап, 2 719,66 доллар болды.