Bitcoin сатып 358 млн теңге табыс тапқан Қостанай тұрғыны ұсталды

30 Мамыр, 15:41 564

Арнайы рұқсатсыз заңсыз крипто айырбастаумен үндескен кәсіпкерлік қызметін Қаржылық мониторинг агенттігі тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Күдікті 2020-2022 жылдар аралығында Қостанай облысының Тобыл қаласында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымын жүзеге асырып, тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

Ол веб-сайт арқылы қамтамасыз етілмеген Bitcoin цифрлық активін ұлттық валютаға теңгемен сатып алу–сатуды жүзеге асырған. Осы арқылы 358 млн теңге сомасында, яғни аса ірі мөлшерде табыс тапқан.

Сот аталған азаматты кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды және екі жыл мерзімге цифрлық активтердің, цифрлық майнингтің шығарылуы мен айналымына байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырды.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі көрсетілген қызмет түріне тиісті лицензия болған жағдайда Астана қаласында АХҚО аумағында ғана рұқсат етілгенін ескертеді.
Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: