Бішкекте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті

26 Қазан 2023, 17:22 1210

Бішкекте (Қырғызстан) премьер-министр Әлихан Смайыловтың қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ЕАЭО шеңберіндегі орта мерзімді кезеңге арналған бірлескен іс-қимылдардың негізгі міндеттері мен басым бағыттары, энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ өнеркәсіптің түрлі саласындағы кооперациялық жобаларды іріктеу тәсілдері және басқа да мәселелер талқыланды.

Бүгін біз комиссия дайындаған бірқатар баяндамаларды тыңдаймыз, елдеріміз үшін маңызды мәселелерді талқылаймыз, сондай-ақ ынтымақтастықтың алдағы уақыттағы бағыт-бағдарын айқындаймыз. Қабылданған шешімдер біздің ұйымның одан әрі дамуына елеулі үлес қосып, жаңа серпін беретініне сенімдімін, — деді отырыста сөз алған Әлихан Смайылов.

Іс-шараға Беларусь үкіметінің басшысы Роман Головченко, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин және Армения вице-премьері Мгер Григорян қатысты.

EL.KZ
Бөлісу: