Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың анасы халыққа алғыс айтты

23 Қыркүйек, 12:34 672

9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың анасы жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмагүл Нүкенова қызының суреттерін жариялап, соңғы айларда ойынан бір сәт те шықпағанын атап өтті.

Осы бірнеше айлар бойы қызымның есімімен ұйықтап, оянып жүрмін. Салта әрқашанда менің ойымда және денемнің әр бөлшегінде өмір сүріп жатыр. Бізден үйіміздің жаны мен күнін тартып алды. Кеудедегі ауырлық қалған өмірімнің соңына дейін қала бермек. Астанада балаларынан айырылып қалған аналармен болған кездесуден соң менің Салтамның жаны жәннатта екеніне тағы да көзім жетті. Жеп-жеңіл көйлек киген ол әкесі және маған, ағасына ары қарай да өмір сүруімізге сол жақтан көмектесіп тұрады. Кездесулерде адамдар қасыма келіп құшақтап, біздің отбасымызды және Салтаны жақсы көретіндерін айтып жүреді. Сіздердің қолдауларыңызға алғысымды айтамын. Әлі күнге дейін қолдап келесіздер, – деп жазды Жұмагүл Нүкенова.

Айта кетейік, Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығын өндіріп алу және моральдық шығын өтеу жөнінде азаматтық іс қозғады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Zhumagul Nukenova (@zhumachka2805)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: