Бишімбаевтың адвокаты: Судья өрескел заңбұзушылықтарға жол берді

16 Мамыр, 14:30 2792

Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың мүддесін қорғаған адвокаттардың бірі Ерлан Ғазымжанов сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Апелляцияға береміз, үкімге шағымдануға ниеттіміз. Қорғау тарапының пікірінше, судья өрескел процессуалдық заңбұзушылықтарға жол берді, - дейді адвокат.

Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевтың кінәсін дәлелдейтін айғақтардың жеткіліксіз болғанын айтады.

Қорғаушы тарап Бишімбаевты қинау бабы бойынша айғақтардың жоқтығына байланысты ақтап, адам өлтіргені үшін емес, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін кінәлі деп тану керек еді деп есептейді. Бұл бап (Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі) 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Осылайша, заң бойынша Бишімбаев осы шекте жазалануы керек, - деп есептейді адвокат.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: