Бишімбаевтың адвокаты «кісі өлтіру» тіркесін қолданбауды сұрады

1 Сәуір, 11:57 964

Астанада Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысында марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді куәгерге бірнеше сұрақ қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Куәгер Әбіл Нұрқайдар Бишімбаевтың үйіндегі жөндеу жұмыстарын бақылау басшысы болып жұмыс істеген. Сонымен қатар Байжанов оны инженер ретінде жұмысқа алуды жоспарлаған. Сөзінше, Бишімбаевтың отбасының жүргізушісі болып та істеген.

Оқи отырыңыз:

2023 жылдың 1 қарашасынан 9 қарашасына дейін Гастро-орталықтың менеджері, сотталушы Бақытжан Байжановтың көмекшісі болған.

Әбіл Нұрқайдар Айтбек Амангелдінің сұрақтарына жауап беру барысында Бишімбаевтың адвокаты наразылық білдіріп, «кісі өлтіру емес», «Салтанат қайтыс болған күні» деп айтуды сұрады.

Адвокат Жанна Оразбахова «Айтбек Салтанаттың ағасы, сондықтан ол үшін бұл кісі өлтіру» деп қарсылық білдірді.

Миражан Махан
Бөлісу: