Бишімбаевты айыптаған прокурордың қызметі көтерілді

15 Шілде, 21:41 1186

Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша елімізге кеңінен танылған прокурор Айжан Аймағанованың қызметі көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Stan.kz-тің жазуынша, желі қолданушылары прокурордың әлеуметтік желіде жариялаған видеосынан оның подполковник погоны (“әділет кеңесшісі” сыныптық шені) бар қызметтік киім кигенін байқап, құттықтай бастады. Аймағанова видеода прокуратурада жұмыс істеудің қаншалықтары мен артықшылықтары туралы айтады.

"Кезекті шеніңіз құтты болсын", "Айжанда кәсіби шеберлілік, шынайылық, сұлулық бар", "Айжан, жаңа атағың құтты болсын!", "Қызметте өсуіңізбен құттықтаймын”, "Сен барлық жұлдыздарға лайықтысың" деп жазылған пікірлерде. 

Перизат Саденова
Бөлісу: