Бишімбаевқа 20 жылдан 25 жылға дейін үкім шығарылуы мүмкін – адвокат

13 Мамыр, 10:14 789

Бүгін Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот отырысында судья Айжан Құлбаева алқабилерге арналған сұрақтарды оқыды. Тізімде 13 сұрақ, оның 10-ы Бишімбаевтың кінәсін дәлелдеуге, 3-і екінші сотталушы Байжановтың кінәсіне қатысты.

Осыдан кейін алқабилер дауыс беру және қорытынды шығару үшін кеңесу бөлмесіне жіберілді.

Осы уақытта кулуарда жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова журналистерге Бишімбаевқа қанша жыл берулуі мүмкін екеніне қатысты пікір білдірді.

Өмір бойына бас бостандығынан айыру үшін алқабилер бірауыздан дауыс беруі керек. Математикалық тұрғыдан болжам жасаудың өзі қиынға соғады. Менің болжамымша, 20 жылдан 25 жылға дейін үкім шығарады. Егер 10 алқабидің 10-ы бірауыздан дауыс берсе, онда өмір бойына сотталады, - деді ол.

Миражан Махан
Бөлісу: