27.03.2024
15:12
1238
Бишімбаев сотын қазақстандықтар онлайн көре алады

Бишімбаев сотын қазақстандықтар онлайн көре алады

Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы.

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша маңызды сот отырысы сағат 16:00-ге белгіленді. Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар.