Бишімбаев соты: Судья алқабилерге сұрақ қойып, ақылдасуға кетті

13 Мамыр, 09:51 1117

Астанада Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Судья Айжан Құлбаева алқабилерге дайындалған сұрақтарды оқып берді. Жалпы 13 сұрақ дайындалған. Оның 10 сұрағы Қуандық Бишімбаевтың кінәсін дәлелдеуге қатысты қойылады. Ал Бақытжан Байжановтың кінәсі туралы 3 сұрақ қойылады. Осыдан кейін алқабилер дауыс беру және қорытынды шығару үшін кеңесу бөлмесіне жіберілді.

 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: