Бишімбаев қылмысын қалай жасырмақ болғаны белгілі болды

15 Желтоқсан 2023, 15:58 2036

Күйеуінің қолынан қаза болған Салтанаттың ағасы Қайрат Нүкенов Ертісбаев Live арнасына берген сұхбатында Бишімбаевтың өз қылмысын қалай жасырмақ болғаны туралы айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 9 қараша күні болған екен.

Қарындасым мейрамхананың vip-залынан шықпай қойған кезде болған сияқты. Менің пікірімше, ол уақытта қарындасым қайтыс болған. Сол күні түстен кейін Бишімбаев мейрамханаға бір қызды шақырған. Бізге мәлім дереккөздердің мәліметінше, ол қыз менің қарындасыма, Салтанатқа қатты ұқсайды. Қызды шақырып, мейрамхананың көршілес бөлмесінде бір жарым сағат ұстайды. Осы уақытта Бишімбаев қарындасымның барлық әшекей бұйымдарын шешіп алған. Оны ұстау кезінде Салтанаттың әшекейлері Бишімбаевтан табылды, - деді Қайрат Нүкенов. 

Ағасының айтуынша, Бишімбаевтың інісі Салтанаттың сырт киімін және басқа да жаңа киімдер алып келген.

Біздің күдігіміз бойынша, Бишімбаев Салтанатқа ұқсайтын қызды шақырып, Салтанаттың киімдерін кигізіп, әшекейлерін тағып мейрамхана камераларында Салтанат мейрамханадан өзі шығып кеткен секілді көрсеткісі келген, – дейді ол.

Сонымен қатар, Нүкенов қайғылы оқиағадан кейін тараған Бишімбаевтар мен Нүкеновтардың отбасылары татуласты деген қауесетің жалған екенін айтты.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: