Бишімбаев қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге ауыстырылды

23 Шілде, 16:09 560

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қуандық Бишімбаевтың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге ауыстырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақпаратты комитет растады. 

Аталған сотталған адам сот үкіміне сәйкес қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге кезең-кезеңімен жіберілді. Сонымен қатар, қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз, - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 93-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: