11.06.2024
17:36
912
Бишімбаев пен Байжановтың ісі апелляциялық сотқа түсті

Бишімбаев пен Байжановтың ісі апелляциялық сотқа түсті

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов ісі апелляциялық сотқа түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық эконономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сатыдағы сотқа түсті, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 13 мамыр күні алқабилер алқасы мен судья Айжан Құлбаева ақылдасып, айыпталушыға жаза кесті. Экс-министр 24 жылға түрмеге қамалды. Ал қылмысты жасыруға көмектескен Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.