Бишімбаев пен Байжанов ісі бойынша апелляция тікелей эфирде көрсетіледі

21 Маусым, 16:31 607

Экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоғарғы соттың мәліметінше, судьяның 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10:00-ге белгіленді. Ал сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі.

Жоғарғы сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді, - делінген мәліметте.

Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел жарияланады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: