Бишімбаев Нүкенованың басын унитазға ұрған - сарапшы

9 Сәуір, 12:51 1437

Сот-медициналық сараптама қызметкері Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың мұрны қалай сынғанына қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшының айтуынша, мұрындағы жарақаттың ауырлығы соншалық, мұрынның сынуы үшін унитазға соғылу керек. 

Мұрынның сынуы үшін-дәретханаға соғу керек. Есі бар адам қолымен ұстай алмай, құлап мұрнын сындыруы мүмкін емесіне сеніңіз. Травматикалық заттың осындай айқын қырлары болған кезде травматикалық заттың ізі айқын көрінеді. Мысалы, кастетпен ұрса соған сәйкес ізі қалады. Унитазға соғылған соң мұрынның сүйектері сынып, шытынап кеткен, - дейді сарапшы.

Тахир Халимназаров сотта «Салтанат мас күйінде унитазға құлап жарақат алған болуы мүмкін» дегенді жоққа шығарды. Оның айтуынша, оның ағзасындағы алкоголь мөлшері аз ғана болған және олай дәретханаға құлауы мүмкін емес.

Айта кетейік, сарапшы Тахир Халимназаров осы салада 1991 жылдан бері қызмет атқаратынын да атап өтті. Оның айтуынша, Салтанат Нүкенованың мәйітіне қосымша талдау жүргізу қажет болған.

Сарапшы манекенге жарақаттарды салып көрсетті. Көкпен боялғандар - көгерген жерлер, қызыл - жаралар. Оның айтуынша, бетіне, бас сүйегіне 12-13 соққы тиіп, соның бәрі жиналып, өлімге әкеліп соққан. Сондай-ақ марқұмның мойынында қылқындыру белгілері байқалған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: