Бишімбаев Нүкенова өлім аузында жатқанда бір сұрақты 175 рет қойған

2 Мамыр, 15:55 23365

Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот жарыссөзінде жәбірленуші тараптың адвокаты Дамир Ишмамбетов маңызды деректерін көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Адвокаттың айтуынша, Салтанат жан тапсырғанға дейін Қуандық Бишімбаев 20 минут бойы 175 рет бір сұрақты қойған.

Бишімбаев монотонды дауыспен 20 минут ішінде 175 рет "Сен Райымбек Баталовтың көңілдесі болдың ба?" деп сұраған. Бір видеода Бишімбаев Нүкенованы аяғымен тепкенде қан шашырап жатқанын көруге болады. Видеоны өшірген кезде денесіне ауыр соққылар жасап, өзі естігісі келген сөзді айтқызбақ болды, - деп айтты адвокат Дамир Ишмамбетов.

Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың Нүкенованы қинап түсірген видеосы көрсетілген еді. Ал «Атамекен» ҰКП басшысы Райымбек Баталов Қуандық Бишімбаевтың сөздерінен соң мәлімдеме жасаған.

Айта кетейік, қазіргі таңда сот отырысы жалғасып жатыр. Жәбірленуші тараптың адвокаттары жарыссөзде сөйлеп жатыр.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: