Бишімбаев «Мен оны өлтіріп алдым ба?» деп көзіне жас алды – куәгер

29 Наурыз, 18:12 1908

Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-министрдің сот отырысында куәгерлер қылмыс болған күні не көргенін айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Гастро орталықтың бар-менеджері Абылайхан Ергенов прокурорлардың сұрағына жауап берді.

9 қараша күні сағат 11:00-де мейрамханаға жұмысқа келдім. Қарлығаш есімді менеджер бізге екінші қабаттағы бірінші VIP бөлмеге кірмеу керегін айтты. Себебі онда Бишімбаев болған. Біз өз жұмысымызды істеп жаттық. Кейін сағат 13:00-де бізді екінші қабатқа шақырды да, мейрамхана сағат 17:00-ге дейін жұмыс істемейтінін хабарлады. Бірақ бір сағат өткеннен кейін мейрамхана бүгін мүлде жұмыс істемейтінін айтты, - деді куәгер.

Оның сөзінше, ол мейрамханадын шығып бірінші қабаттағы гастро орталықтың «Берлин» барына барып жұмысын жалғастырған. Сол күні кешкі сағат 19:00 шамасында Бақытжан Байжанов хабарласып, Bau мейрамханасына екінші қабатқа көтерілуін сұраған.

Лифтпен көтерілгенімде ол жерде жедел жәрдем қызметкерлері болды. Ал Қуандық Бишімбаевтың қолында пышақ болғанын көрдім. Мен қорқып кеттім. Осы сәтте Бишімбаев сол жердегі бір бөлмеге кіріп кетті. Байжанов екеуміз артынан барып қолындағы пышағын тартып алдық. 15 минуттан кейін полиция қызметкерлері келді. Бишімбаевтың түрі қашып кеткен. «Мен неге бұлай істедім? Не үшін? Мен оны өлтіріп алдым ба?», деп көзіне жас алды, - дейді куәгер Абылайхан Ергенов.

Миражан Махан
Бөлісу: