Бишімбаев ісі: Салтанаттың өліміне куәгер болған кісі сотқа шақырылады

10 Сәуір, 15:32 14553

Cалтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжановтың адвокаттары сол оқиғаны көрген жаңа куәгерді сотқа шақыратынын айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Біз Байжановтан жауап алғаннан кейін өте маңызды куәгерді шақырамыз. Ол тіпті оқиға болған күннің куәгері, - деді Байжановтың адвокаты.

Еске салайық, Байжанов аса ауыр қылмысты жасырды (қылмыстық Кодекстің 432-бабы) және ауыр қылмыс туралы хабарламады (қылмыстық кодекстің 434-бабы) деген айыппен қамауда отыр.

Бұған дейін Салтанат Нүкенованың көмекшісі Анар Тасова сот отырысында Қуандық Бишімбаевпен таныстықтан бастап, тұрмысқа шыққаннан кейінгі қиындықтары туралы айтқанын хабарлаған едік.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: