Бишимбаевтің ісі бойынша мемлекеттік айыптаушының Instagram әлеуметтік желісіндегі жалған парақшасындағы жазылушылардың саны 20 мыңнан асты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Instagram әлеуметтік желісінде «aijan.aimaganova» атты парақша анықталды (парақша 20 мыңнан астам жазылушы жинады). Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған.
Сондай-ақ, парақшада «Құрметті қазақстандықтар! Парақшаны адамдардың өтінішінен соң аштым! Бірақ! Мен блогер емеспін! Сіздердің жеке хаттарыңызға жауап бере алмаймын! Өтінемін, маған хат жазбаңыздар. Мен жауап бере алмағандықтан сіздерді ренжітіп аламын ба деп қорқамын. Мен қарапайым прокурормын. Мен Жаңа Қазақстан үшін жұмыс істеуге уәде беремін!», - деген жазба жарияланған.
Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан құрылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды, - делінген Бас прокуратура ақпаратында.