Бишімбаев 24 жыл қандай түрмеде отыратыны анықталды

13 Мамыр, 19:01 5473

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты аяқталған соң, баспасөз залында арнайы брифинг өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 


Жиында бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі үйлестіруші судья Алма Есімова Бишімбаев пен Байжанов қай жерде жазасын өтейтіні туралы сұраққа жауап берді.

 
Бишімбаев бұған дейін сотталғандықтан, қылмыстық атқару жүйесі қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жіберіледі. Егер, нақты қай жерде екенін білгілеріңіз келсе, қылмыс істер бойынша комитетке жүгіну керек. Сот сотталушының нақты сотталатын орны мен жерін белгілемейді. Шешім күшіне енгеннен кейін ол мекеменің тергеу изоляторына жіберіледі. Ал Байжанов қылмыстық атқару жүйесі қауіпсіздігі орташа мекеге жолданатын болады», - деп түсіндірді Есімова. 

Айта кетейік, әйелін аса қатігездікпен өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған.Ал туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды. 

 

 

Миражан Махан
Бөлісу: