Бірыңғай уақыт белдеуі бизнеске қалай әсер етеді? Вице-министр жауап берді

29 Ақпан, 12:10 2596

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Сенат кулуарында еліміздегі уақыт белдеуінің ауысуы бизнеске қандай әсерін тигізуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сауда және интеграция министрлігіндегі әріптестеріміз бұл мәселемен айналысты, талдау жүргізді. Олар бұл сұраққа толығырақ жауап бере алады деп ойлаймын. Біз бизнес үшін айтарлықтай шығын болмайды деп ойлаймыз. Барлық өңірде жұмыс бір уақытта басталатын болады. Енді мемлекеттік қызметтер бір уақытта көрсетіледі. Жалпы, бұл бизнес үшін жақсы әсер етеді деген ойдамын, - деп жауап берді вице-министр.

Айта кетейік, ертең, яғни 1 наурыздан бастап Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне ауысады. Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында уақыт бір сағат артқа жылжиды.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: