31.03.2023
09:02
845
Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, үсік жүруі мүмкін

Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, үсік жүруі мүмкін

Қазгидромет 31 наурызда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттыө агенттігі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігі мен шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз өңір орталығында күші 23 м/с артады.

Алматы облысы ндасолтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 17-22 м/с.

Ұлытау облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні кей уақытта 23-28 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, күндіз орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде өңірдің батысында, күндіз оңтүстігі мен орталығында күші 15-20 м/с құрайды.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, жылдамдығы кей уақытта 23-28 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде тұман болжанады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жетісу облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын (жаңбыр, қар) жауады. 31 наурыз - 1 сәуір аралығында желдің күші кей уақытта 30 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1-6 градус, 1 сәуірде түнде 3-8 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы күндіз таулы аудандарда 28 м/с артады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.