20.05.2023
07:28
1432
Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

20 мамырда бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК жариялаған болжамға сәйкес, Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтау қалаларында ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы күтіледі.