Бірнеше өңірде мектеп оқушылары онлайн оқу форматына көшті

6 Желтоқсан 2022, 09:29 2493

Қатты аязға байланысты мектеп оқушылары онлайн оқып жатыр

Бірнеше өңірде қатты аязға байланысты мектеп оқушылары онлайн оқу форматына көшті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды мен Теміртау, Жезқазған қалаларындағы мектептерде 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды.

Сонымен қатар Ақмола облысы Целиноград ауданындағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Бұдан басқа Абай облысында да 6 желтоқан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір аудандарда сабақ онлайн форматта өтеді.

Семей қаласында 1 ауысымда оқитын 1- 9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады. Аягөз, Жарма, Бородулиха аудандарында 1 ауысымда 1-4 сыныптарда сабақ қашықтан оқытылады. Бесқарағай ауданында барлық мектептер қашықтық форматқа ауыстырылды. Қалған аудандарда сабақ штаттық режимде өтеді.

Астанада бірінші ауысымның оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды

EL.KZ
Бөлісу: