Бірнеше өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

21 Қараша 2023, 08:26 611

Синоптиктер республиканың 14 аймағында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматыда 21 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20, кей кезде 23 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында түнде көктайғақ болады. Облыстың көп бөлігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 м/с, Мұғалжар ауданында 23-28 м/с дейін жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей кездері тұман түседі. Шығыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының басым бөлігінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, жел 23-28 м/с дейін күшейеді, ал облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде кей кездері 30 м/с және одан асатын жылдамдықпен соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында түнде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, ал күндіз батысында жел екпіні – 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертң тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, түнде облыстың орталығында, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз – 15-20 м/с, орталықта – 23 м/с дейін күшейе түседі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, түнде облыстың батысында жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде – 15-20 м/с, ал батыс, оңтүстік, орталық бөлігінде – 23-28 м/с жылдамдықпен соғады.

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында түнде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, түнде облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде екпіні 15-20 мс/, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей кездері 23 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с дейін жетеді.

Берік Арманов
Бөлісу: