26.02.2023
11:15
1186
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 26 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады,  деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Жетісу облысының тау, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.