Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

20 Қазан 2022, 21:01 2468

Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді

Қазгидромет 21 қазанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/жетеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, түнде екпіні 25 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Таңертен және күндіз 21, тәулігіне 22 қазанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 17-22, екпіні 29 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысында жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстік жартысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу: